Көлік жөндеу саласында жұмыс істейтін мамандар барлық күрделі жұмыстарды кәсіби түрде орындайды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың жоғары сапалы қызметке көңілдері толуына себеп болуда. Дәл осы кәсіп түрінің майталманы Равиль Сулейманов – Аңдас батыр ауылының тұрғыны әрі кәсіпкер, көлік жөндеу және көлік жуу қызметтерімен айналысатын арнайы тұрақтың иесі.