7 Июн 2025, Сб

ШЫМКЕНТТЕ ШАХМАТТАН «SENAT OPEN-2025» КУБОГЫНЫҢ ІРІКТЕУ ТУРНИРІ ӨТТІ

Шымкентте Парламент Сенатының «Senat Open-2025» ашық кубогының іріктеу кезеңі өтті. Зияткерлік спортты насихаттауға бағытталған бұл турнирге 100-ден аса спортшы өтінім берген. Олардың қатарында шахмат ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.