8 Июн 2025, Вс

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫНЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

 

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу фактісін анықтады. ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында «MITSUBISHI» маркалы автокөлігін тоқтатты.  Тексеру барысында 51 жастағы жолаушыдан салмағы 1,5 келі болатын «гашиш» есірткі заты табылды.