1 Май 2025, Чт

ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЖАҢҒЫРУ

 

Қонаев ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен этнос өкілдерімен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді. Өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен патриоттық әндер шырқалып, ел бірлігін арттыруға бағытталған маңызды бастамалар көтерілді. Аталмыш шаралар арқылы түрлі ұлт өкілдері арасында достық пен ынтымақтастық орнатылып, қазақ халқының мәдени мұрасы мен тарихы таныстырылды.