Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы Шығармашылық-инновациялық орталықтың құрылысымен танысты. Бұл орталықты «Bi Global» серіктестігі салуда. Жалпы ауданы 3820,43 шаршы метр ғимараттың бас жобалаушысы – «TEHNIKALIQ BAQILAU», ал техникалық қадағалаушысы – «Алатау Сапа Құрылыс» серіктестіктері.