Меркі ауданында «Меркі — Жолаушы» ЖШС мекемесі халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Бұл мекеме 1968 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда 43 автобус бар. Аудан аралық 15 маршрут , 1 маршрут облыс аралық болса 1 маршрут Алматы қаласына бағыт алады.