ШЫМКЕНТТЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН «КҮМІС ЖАС» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

«Күміс жас» бағдарламасы елімізде зейнеткерлікке дейінгі жастағы азаматтарды еңбек нарығында қолдау арқылы олардың кәсіби тәжірибесі мен әлеуетін пайдалану үшін іске қосылған. Жоба аясында жұмыс берушілер 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа тартады, олардың айлық жалақысы мемлекеттен субсидияланады.