«АРАЛ-СЫРДАРИЯ» БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты мәжіліс өтті. Жиында «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының жаңа басшысы таныстырылды. Бұл лауазымға осыған дейін инспекция басшысының орынбасары қызметін атқарған Зейнулла Қазтоғанов тағайындалды. Зейнулла Молдағалиұлы 1972 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1998-1999 жылдары Су ресурстары комитеті «Арал-Сырдария» бассейндік су шаруашылығы бірлестігінің инженері болып бастаған. Кейін әр жылдары Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясында түрлі қызметте болған. Осы күнге дейін инспекция басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. Өңір басшысы Зейнулла Қазтоғановтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп,бірқатар міндеттерді айқындап берді.