Инфрақұрылым жүйесі қарқынды даму үстіндегі Қордайда ауыз толтырып айтар жетістік көп. Ауданымыздың қайта түлеп, жаңаша жаңғырғаны жайындағы оңды пікірлерді тұрғындар тарапынан жиі естиміз. Туған жердің әр қырқасы кім-кімге болмасын ыстық. Оның табиғатын сақтау, көркейту бүгінгі буынның қасиетті борышы. Ал, қолдағы барды ұқсатып, оны әрмен қарай жандандыра түсу ұрпақ алдындағы азаматтық парыз екендігі рас. Қазақстан Республикасының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық аймақтарын қамтыған нағыз халықтық қозғалысқа айналғаны баршаңызға мәлім. Сәрсенбі аудан орталығының Елім-ай көшесінде орналасқан су қоймасы жағалауынан жаңадан бой көтерген аллея тұрғындар қолданысына ресми түрде берілді. Бұл нысан да «Таза Қазақстан» акциясының нәтижесі деп айтуға толық негіз бар.