1 Май 2025, Чт

«ҚАЖСЕРВИС» ЖШС ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

 

IMG_3329

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалына қарасты «ҚАЖсервис» ЖШС Жамбыл облыстық филиалы Т. Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылында республикалық маңызы бар автомобиль жолының 435-476 шақырымында тазалық жұмыстарын жүргізді. Мекеме тарапынан аталған акцияға 15 адам және 3 бірлік арнайы жол техникалары қатысты. Оның ішінде, жол бойын күл-қоқыстан тазалау, эстакадаларды және аялдамаларды сырлау, дәретханаларды ақтау, жол бойын және демалыс алаңын арнай техникамен сыпыру жұмыстары жүргізілді. Жалпы «ҚАЖсервис» ЖШС ЖОФ-мен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша жұмыстар күнделікті негізде атқарылады.