12 Май 2025, Пн

ТАРАЗДА ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНДАРЫ МЕН ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Жамбыл облысына бір топ еліміздің Еңбек Ерлері мен Халық Қаһармандары келіп, бірқатар ауқымды әрі маңызды шараларға қатысты. Күні кеше Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында 400-ге жуық  сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Шарада Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Отан қорғаушы болу – өте абыройлы әрі жауапты міндет екенін атап өтіп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.