15 Ноя 2026, Вс

23 ТАМЫЗ – ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ

«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде алып әуе шары көкке көтерілді. Шараның басты мақсаты — тұрғындар мен қала қонақтарына 23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауын еске салу. Әуе шарына сайлауға белсенді қатысуға үндейтін арнайы үлкен баннер ілініп, ол жиналған көпшіліктің ерекше назарын аударды.