16 Ноя 2026, Пн

2026

ЖЫР АЛЫБЫНА ТАҒЗЫМ

Тараз төрінде жыр нөсері жауды. Әулиеата өңірінде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Жыр жауһары – Жамбылым!» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 15 өрімдей жас талант ұлы ақынның әдеби мұрасын ұлықтап, өз шығармашылықтарымен көрерменді тәнті етті. Поэзия мерекесінен тілшіміз тарқатады.

ӘСКЕРИ ПСИХОЛОГ: НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде әскери психологтардың оқу-әдістемелік жиыны өтті. Шараға оңтүстік аймақтағы барлық әскери бөлімдердің психологтары жиналды. Кездесудің басты мақсаты – әскери психологтардың жұмыс тәсілдерін біріздендіріп, ортақ әрі тиімді әдістемелік жүйе қалыптастыру. Толығырақ арна тілшісінің бейнематериалында.

ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН ТҮЙТКІЛДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Халықпен кездесу – қордаланған мәселені шешудің тиімді тетігі. Бүгін Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова №2 аумақтық округ тұрғындарымен жүздесті. Ашық форматта өткен басқосуда аудан басшысы тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерге құлақ түрді. Жиында халық қандай түйткілдерді көтерді?

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өңірде жаңартылған Конституцияның негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Кезекті кездесу Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің қабырғасында өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов профессор-оқытушылар құрамымен және студент жастармен жүздесіп, саяси жаңғырудың мән-маңызы туралы кеңінен әңгіме өрбітті.

РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қазақстан тарихи маңызды науқанның қарсаңында. Тараз төрінде алдағы республикалық референдумды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Өңірдегі дайындық барысы мен дауыс берушілер үшін жасалатын жағдайлар Орталық референдум комиссиясы өкілдерінің қатысуымен өткен жиында жан-жақты сараланды.

НЕЗАКОННО ПЕРЕОБОРУДОВАННЫЙ АВТОБУС С ЛЕЖАЧИМИ МЕСТАМИ ВЫЯВИЛИ ПОЛИЦЕЙСКИЕ

На автодороге Мерке-Шу-Бурылбайтал сотрудники полиции остановили автобус Van Hool. При проверке выяснилось, что из транспортного средства были убраны все сиденья, салон полностью переоборудовали под спальные места. Внесение подобных изменений в конструкцию транспортных средств представляет собой непосредственную угрозу жизни и здоровью пассажиров, особенно в случае дорожно-транспортных происшествий. Водителя привлекли к ответственности за управление транспортным средством, переоборудованным без соответствующего разрешения.

ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОБЩАЯ ОБЯЗАННОСТЬ

В Жамбылском районе в рамках реализации принципа «Закон и порядок» проведено широкомасштабное оперативно-профилактическое мероприятие. Акция организована при координации районной прокуратуры.

КАЧЕСТВЕННАЯ МЕДИЦИНА — ЗАЛОГ ЗДОРОВОГО БУДУЩЕГО

Мощный рывок в сфере здравоохранения и блага современных технологий. Сегодня в Жамбылской области прошел масштабный пресс-тур для представителей СМИ. Журналисты посетили ведущие лечебные учреждения региона, ознакомились с качеством медицинских услуг и работой уникальных центров, открытых в последнее время. Подробнее о нынешнем потенциале и новых возможностях медицины  — в следующем сюжете.

ОБСУЖДЕНИЕ ПРОЕКТА НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ

В районе Жибек жолы продолжается масштабная информационно-разъяснительная работа по обсуждению конституционной реформы. Члены специально созданной рабочей группы встретились с коллективом поликлиники №6 «Жаншуак», чтобы детально разъяснить ключевые поправки в проект нового Основного закона страны.