По итогам девяти месяцев в Жамбылской области сохранилась положительная динамика по ключевым экономическим направлениям. Объемы промышленного производства, сельского хозяйства и торговли увеличились, а объем привлеченных в регион инвестиций значительно возрос. Подробнее об социально-экономическом развитии региона — в следующем сюжете.
Меркі ауданында ауыл мәдениетін ұлықтауға, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған «Ауыл мәдениеті – ел айнасы» байқауы өтуде. Ауданның 14 ауылдық округін қамтыған мәдени байқаудың кезекті кезеңі Жаңатоған ауылдық округінде ұйымдастырылды. №14 жалпы орта білім беретін мектептің алдында өткен мерекелік шарада ауылдың тыныс-тіршілігін, өнері мен ұлттық мұрасын танытатын түрлі көрме ұйымдастырылып, мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды.
Бүгін Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасы аясында «Берекелі отбасы – берік қоғам» атты салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында өнегелі отбасылар ұлықталып, жас жұбайлардың неке қию рәсімі салтанатты түрде өтті.
Жамбыл облысында полиция қызметін цифрландыру қарқынды жүріп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында полицейлер заманауи технологиялардың қылмысты ашу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тиімділігін баяндады. Толығырақ тілшіміз тарқатады.
Жамбыл облысында тоғыз айдың қорытындысы бойынша негізгі экономикалық бағыттарда оң динамика сақталды. Өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы және сауда көлемі артып, өңірге құйылған инвестиция едәуір өскен. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы толығырақ келесі сюжетте.
Қазақстанда 18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл мереке қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтауға бағытталған. Осыған орай Түркістан облысында діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиында рухани келісімнің маңызы мен қоғамдағы татулықты сақтау мәселелері талқыланды.
Түркістан облысында қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық келісімді нығайту бағытында игі бастама қолға алынды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында діни конфессия өкілдерінің қатысуымен ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Толығырақ алдағы сюжетте!
Түркістан қаласындағы «Аманбай» спорт-сауықтыру кешенінде Рухани келісім күніне орай спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Басты мақсат – түрлі конфессия өкілдері мен мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, өзара түсіністік пен командалық рухты қалыптастыру. Толығырақ алдағы сюжетте.
В Меркенском районе в самом разгаре уборочная страда. Руководитель одного из ведущих хозяйств региона Бактияр Затилдаев адаптирует зарубежные плодовые деревья к местному климату и получает рекордные урожаи. Вес некоторых выращенных здесь персиков достигает почти 800 граммов.
В Таразе в рамках подготовки к отопительному сезону и обеспечения безопасности населения прошел масштабный профилактический рейд. Мероприятие, организованное Департаментом по чрезвычайным ситуациям Жамбылской области, направлено на предупреждение бытовых пожаров и снижение числа несчастных случаев, таких как падение детей из окон. Особую актуальность приобрела проверка исправности электро- и газовых приборов, печей и дымоходов, особенно с приближением отопительного сезона. В ходе рейда спасатели и представители ответственных служб обошли жилой сектор, подробно разъяснив жителям требования безопасности.