Меркі ауданында есірткі қылмысының алдын алу және зиянды заттардың қоғамға тигізер зардабын түсіндіру мақсатында профилактикалық кездесу өтті. Жамбыл көлік прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен жиын Тәтті және Қарасу ауылдарының тұрғындарын біріктірді. Өңірде құқықтық сауаттылықты арттыру мен заңсыз айналымға тосқауыл қою мәселесі қаншалықты өзекті?
Тазалық – ортақ тәртіптен басталады. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Тараз қаласында жүйелі рейдтік шаралар өтіп жатыр. Кезекті аралау Жібек жолы ауданында ұйымдастырылды. Учаскелік полиция инспекторлары мен заңгерлер тұрғындарға үй ауласының сыртқы тазалығына қатысты заң талаптарын түсіндірді. Негізгі мақсат – қаланы көркейту және тұрғындар арасында жауапкершілікті арттыру.
Әлемде сирек кездескенімен, жойылмаған қауіпті дерттің бірі — оба. Жұқпалы аурудың табиғи ошақтары бар өңірлерден келетін әуе рейстері әрдайым жіті бақылауда. Тараз қаласының «Әулие-Ата» халықаралық әуежайында аса қауіпті инфекция табылған жағдайда шұғыл әрекет етудің кешенді оқу-жаттығуы өтті. Басты мақсат — індетті шекарада тұсаулап, халық арасында таралуына жол бермеу.
Бала көңілін қуанышқа бөлеп, жүрегіне үміт ұялату — үлкен ізгіліктің белгісі. Түркістанда ерекше күтімді қажет ететін балалардың тілегін орындауға бағытталған «Армандар орындалады» әлеуметтік жобасы жалғасуда. Толығырақ алдағы сюжетте.
Түркістанда белгілі журналист Бейсен Құранбек атындағы дәстүрлі стипендия табысталды. Игі бастама болашақ журналистерді қолдауға, олардың кәсіби дамуына серпін беруге бағытталған. Стипендия Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің үздік студенттеріне берілді.
Түркістанда ұлттық өнер мен төл мәдениетті дәріптеуге бағытталған «Түркістаным – тұраным» атты қолөнер шеберлері мен суретшілер байқауы өтті. Қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен шараға өнер иелері қатысып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды.
В Меркенском районе проходит конкурс «Ауыл мәдениеті – ел айнасы» — «Культура села — зеркало страны», направленный на популяризацию сельской культуры, возрождение национальных ценностей и традиций. Очередной этап этого культурного смотра, охватившего 14 сельских округов района, был организован в Жанатогонском сельском округе.
Сегодня в Таразском городском доме культуры имени Ыкыласа Дукенулы в рамках проекта «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» состоялась торжественная праздничная церемония под названием «Берекелі отбасы – берік қоғам». В ходе мероприятия чествовали образцовые семьи и прошла торжественная церемония регистрации брака молодых молодожёнов.
В Жамбылской области полным ходом идет цифровая трансформация органов внутренних дел. На брифинге в Региональной службе коммуникаций стражи порядка рассказали об эффективности современных технологий в раскрытии преступлений и обеспечении общественной безопасности. Подробности в материале нашего корреспондента.