15 Ноя 2026, Вс

АУЫЛ МӘДЕНИЕТІ – ЕЛ АЙНАСЫ

Меркі ауданында ауыл мәдениетін ұлықтауға, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған «Ауыл мәдениеті – ел айнасы» байқауы өтуде. Ауданның 14 ауылдық округін қамтыған мәдени байқаудың кезекті кезеңі Жаңатоған ауылдық округінде ұйымдастырылды. №14 жалпы орта білім беретін мектептің алдында өткен мерекелік шарада ауылдың тыныс-тіршілігін, өнері мен ұлттық мұрасын танытатын түрлі көрме ұйымдастырылып, мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды.