Елімізде әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Биылғы науқан аясында Қазақстан Қарулы Күштері, өзге де әскерлер мен әскери құрылымдар қатарына 21 мыңға жуық азамат аттанбақ. Оның ішінде Жамбыл облысынан 1,5 мыңға жуық жас сарбаз әскери борышын өтеуге жолданады. Өңір әкімдігі мен жергілікті әскери басқару органдары жамбылдық жігіттердің әскери бөлімдерде туған өлкесінің абыройын лайықты қорғайтынына сенім білдірді.
Тараз қаласында Халықаралық еріктілер жылына орай қала әкімі Бақытжан Орынбеков белсенді жастармен кездесу өткізді. Жиында өңір жастарының жетістіктері, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мәселері талқыланды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Жібек жолы ауданындағы «Құмшағал» спорт алаңында жастар арасында футболдан турнир өтті. Дода спорт шебері Жақсылық Хасеновтың құрметіне ұйымдастырылып, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылды.
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері, зиялы қауым, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.
Бір ғана салғырттық – үлкен апатқа себеп болуы мүмкін. Әсіресе көктем-жаз мезгілінде дала өрттерінің қаупі күшейіп, табиғатқа да, адам өміріне де қауіп төндіреді. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Түркістан облысында заңсыз қазба жұмыстарының салдарынан келтірілген шығын 558,4 млн теңгеге жетті. 22 заңсыз игеру нүктесі анықталып, көптеген техника тоқтатылды. Толығырақ тілшіміз баяндайды.
Түркістанда академиялық есуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Спортшылар түрлі қашықтықтарда бақ сынап, жүлделі орындар үшін күресуде. Жарыс нәтижесі ұлттық құрама жасақтауға негіз болады.
Түркістан қаласында дзюдодан, қазақ күресінен және самбодан Қазақстан Республикасы чемпионатының ардагерлер арасындағы жарысы басталды. Чемпионатқа 17 облыс пен 3 қаладан 20 команда қатысты. Толығырақ тілшіміз баяндайды.
Өңірде «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан облыстық ашық турнир өтті. Турнир белгілі бапкер, спорт саласының ардагері Нұрболат Байтелиевтің жүлдесіне арналды.Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Гастроэнтерологиялық аурулар – әлемде де, Қазақстанда да ең көп таралған патологиялардың бірі. Статистикаға сүйенсек, ересектердің 50-80%-ы гастритпен ауырады, ал асқазан жарасы халықтың 5-10%-ында кездеседі. Аурулардың өсуі тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Осы мәселені талқылау мақсатында Шымкентте республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.