17 Ноя 2026, Вт

ҚАРЖЫГЕРЛЕР АЛЛЕЯСЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жамбыл облысында тазалық жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова мен аудан жастары, жасыл ел тараз қызметкерлері Қаржыгерлер аллеясында сенбілік ұйымдастырды. Шараның мақсаты – қоғамдық орындардың тазалығын сақтап, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу.