Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері, зиялы қауым, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.

