16 Ноя 2026, Пн

2026

В КЫЗЫЛОРДЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ВАКЦИНАЦИЯ

В регионе продолжается вакцинация против вируса папилломы человека . С этого года прививочная кампания, помимо девочек в возрасте 11–13 лет, охватит также подростков от 14 до 17 лет. По словам специалистов, это важный шаг, направленный на профилактику рака шейки матки и других опасных заболеваний, вызванных данным вирусом.

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Отбасы орталығында отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. «Бала – барын, өмір нәрін» атты кештің мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қоғамның қамқорлығы мен мейірімін сезіндіру.

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Облыста адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Биылдан бастап екпе 11-13 жастағы қыздармен қатар, 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерді де қамтиды. Мамандардың айтуынша, бұл жатыр мойны обырының және вируспен байланысты өзге де қатерлі аурулардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам.

АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Облыста «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Ауқымды шараның мақсаты – табиғи және дала өрттері кезінде азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеріп, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету деңгейін арттыру.

БАЛАЛАР КҮЛКІСІ – БАҚЫТТЫҢ БЕЛГІСІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынға ерекше қажеттілігі бар балалар, олардың ата-аналары мен сала ардагерлері қатысты. Шараның басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, олардың жетістіктерін насихаттау.

ПРЕЗИДЕНТ САЯБАҒЫ – ЖАҢАРҒАН ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ

Қайта жаңғыртудан өткен Президент саябағы бүгінде тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналған. Мұнда халықтың жайлы тынығуына барлық жағдай жасалып, балалар ойын алаңдары мен серуендеу аймақтары жаңартылған.

«АЛТЫН САПА» БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Сыр елінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауларына арналған түсіндіру семинары өтті. Шараға өңір кәсіпкерлері қатысып, байқауға қатысу талаптары мен тәртібі бойынша жан-жақты ақпарат алды.

АУДАНАРАЛЫҚ СЛЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қызылорда облысында Ғазиз Байтасов атындағы «Жас жол инспекторларының» ХХІ республикалық слетінің ауданаралық кезеңі өтті. Ауқымды шараға өңірдің 7 ауданынан келген 7 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Байқаудың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау және құқықтық сауаттылықты арттыру.

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ МЕЖРАЙОННОГО СЛЕТА

https://youtu.be/c5hoJtx5VIY

В Кызылординской области прошел межрайонный этап ХХІ республиканского слета «Юных инспекторов движения» имени Газиза Байтасова. В масштабном соревновании приняли участие 7 команд из 7 районов региона. Основная цель конкурса — пропаганда безопасности дорожного движения среди подростков и повышение их правовой грамотности.