15 Ноя 2026, Вс

АУДАНАРАЛЫҚ СЛЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қызылорда облысында Ғазиз Байтасов атындағы «Жас жол инспекторларының» ХХІ республикалық слетінің ауданаралық кезеңі өтті. Ауқымды шараға өңірдің 7 ауданынан келген 7 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Байқаудың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау және құқықтық сауаттылықты арттыру.