Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жеке құрам арасында лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) алдын алу және оның зиянды салдарын түсіндіру мақсатында жиналыс өткізілді.
Іс-шараға Өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкері, әділет капитаны Б.Н. Айнакулов, ҚАЖ департаментінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының инспектор-полиграфологы, әділет капитаны А. Масатбай, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД санитарлық-эпидемиологы С. Құлбаева қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға лудоманияның қоғамға, отбасыға және қызметтік міндеттерді атқаруға тигізетін кері әсері туралы кеңінен ақпарат беріліп, оның алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын сақтау, қаржылық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.
Аталған іс-шараға №59 мекемесінің жеке құрамымен қатар 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері де қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Жиналыс соңында қатысушыларға лудоманияның алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде сотталғандармен тәрбиелік-рухани бағыттағы кездесу өтті.
Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфти кеңесшісі, РАНТ мүшесі Сейтбеков Смайыл Сүйерқұлұлы және Жамбыл облысының бас имамы Сатылғанов Асқар Зәкіржанұлы арнайы жұмыс сапарымен қатысты.
Кездесу барысында «Әділдік – Исламның негізгі құндылықтарының бірі» тақырыбында насихат айтылып, әділдіктің адам өміріндегі, қоғамдағы және дініміздегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Дін өкілдері әділдік, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік қасиеттерінің қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін нығайтудағы рөліне тоқталды.
Сонымен қатар сотталған азаматтармен топтық кездесу өткізіліп, тәрбиелік сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында өмірлік құндылықтарды дәріптеу, заң талаптарын құрметтеу, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасу және теріс діни ағымдардың ықпалына ермеу мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қоғамда орын алып жатқан жат идеологиялар мен дұрыс емес бағыттардың алдын алу, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау және діни сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға, олардың дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруына және қоғамға бейімделуіне оң ықпал етті.
Қалада «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілетуге арналған әдістемелік семинар өтті. Жиынға қала әкімдігі өкілдері, құқық қорғау органдары, ардагерлер мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті нығайту және заң үстемдігін насихаттау.
В регионе продолжается традиционный конкурс «Ел іші – өнер кеніші». В этот раз свою концертную программу вниманию зрителей представили творческие коллективы Дома культуры села Кызылжарма.
В городе прошел турнир по стрит воркауту, приуроченный к Международному дню борьбы со злоупотреблением наркотическими средствами и их незаконным оборотом. Участники соревнований состязались в подтягивании на турнике, определяя сильнейших.
Қалада Халықаралық есірткі және нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Street Workout» турнирі ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар турникке тартылу бойынша бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.
Аймақта дәстүрлі «Ел іші – өнер кеніші» байқауы жалғасуда. Бұл жолы көрермен назарына Қызылжарма ауылы мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды.
Маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Әкелер күніне орай Қызылордадағы Отбасы орталығында «Адырна» бенефис шоуы ұйымдастырылды. Тағылымды шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, әке мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту.