16 Ноя 2026, Пн

2026

СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ И РЕЛИГИОЗНАЯ ГРАМОТНОСТЬ

В век избытка информации найти ответ на любой вопрос можно в один клик. Но насколько этот ответ правилен и безопасен? Сегодня религиозное мировоззрение подрастающего поколения зачастую формируется не у минбара в мечети, а через короткие видеоролики в социальных сетях. Кто же завладевает умами молодых людей, прильнувших к смартфонам? К каким острым проблемам приводят поверхностные религиозные знания и слепая вера в непроверенную информацию?

МЕДИКИ  ОБЛАСТИ ОТМЕТИЛИ СВОЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ ПРАЗДНИК

Медики  Жамбылской области, как и страны , в целом отмечают  свой профессиональный праздник. Сегодня  в центральном концертном зале «Баласагун» по этому случаю состоялось торжественное собрание . Участие в нем приняли глава региона  Ербол Карашукеев и аким Тараза Бахытжан Орынбеков.

СЕССИЯ ЖАМБЫЛСКОГО ОБЛАСТНОГО МАСЛИХАТА

В Таразе состоялась очередная, тридцать четвертая сессия Жамбылского областного маслихата восьмого созыва. На повестке дня стояли вопросы исполнения бюджета за прошлый год, социальные инициативы, а также масштабный отчет о критическом состоянии ветеринарно-санитарной безопасности в регионе. Все подробности прошедшего заседания узнавала моя коллега.

ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУҒА ЕШҚАШАН КЕШ ЕМЕС

Тараз қаласындағы 14157 әскери бөлімінде әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер ант қабылдады. Бұған дейін мерзімді әскери қызмет өткермеген әрі тиісінше ант бермеген азаматтар үшін бұл маңызды міндетті орындаудың сәті түсті.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ

Ақпарат толы мына заманда бір ғана батырманы басып, кез келген сұраққа жауап табу оңай. Бірақ ол жауап қаншалықты дұрыс және қауіпсіз? Қазір жас буынның діни танымы мешіт мінберінен емес, көбіне әлеуметтік желілердегі қысқа видеолар арқылы қалыптасып барады. Смартфонға телмірген жастың ойын кім баурап жатыр? Діни сауаттың таяздығы мен тексерілмеген ақпаратқа сену салдарынан туындаған өзекті мәселелер қандай? Толығырақ әріптесім тарқатады.

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Медицина қызметкерлері күніне орай Тараз қаласындағы Баласағұн концерт залында «Ұлт саулығы – ел болашағы» атты мерекелік шара өтті. Ақ халатты абзал жандардың еңбегіне құрмет көрсетілген кешке Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысты. Жиында өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан дәрігерлер мен медицина қызметкерлері марапатталды.

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ

Тараз қаласында сегізінші шақырылымдағы Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті 34-сессиясы өтті. Жиында өткен жылдың бюджетінің орындалуы, әлеуметтік бастамалар мен өңірдегі ветеринарлық-санитариялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды. Әсіресе мал шаруашылығындағы түйткілдер кеңінен айтылып, жауапты мекемелердің есебі тыңдалды.

«QYZYQ ORTA» КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Қалада «Qyzyq orta» инста-сериалының жабық премьералық көрсетілімі өтті. Жастарға арналған жоба қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Шараға қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов қатысып, шығармашылық топқа сәттілік тіледі.

Жамбыл облысы бойынша №59 мекемесінде өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №59 мекемесінде Облыс прокуратурасының 5-басқарма прокуроры Д.М. Краубековтың жүргізуімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында мекеменің режим бөлімінің 2026 жылдың 5 айындағы қызмет қорытындылары қаралып, атқарылған іс-шаралар туралы баяндама жасалды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №59 мекемесі мен 5513 әскери бөлімі арасындағы қызметтік өзара іс-қимыл барысында туындаған өзекті мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, мекеме аумағында орналасқан бекеттерде 5513 әскери бөлімінің 3-атқыштар ротасы бақылаушы қызметкерлерінің күзету және қадағалау қызметін ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мекеменің көліктік бақылау-өткізу бекетінде автокөліктердің ішкі аумаққа кіруі мен шығуын бақылау және өткізу тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қызметтік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, қауіпсіздік талаптарын сақтау мен бақылауды күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттерді белгіледі. Прокурор Д.М. Краубеков көтерілген мәселелердің заң талаптарына сәйкес шешілуі және ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарының тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.