15 Ноя 2026, Вс

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Медицина қызметкерлері күніне орай Тараз қаласындағы Баласағұн концерт залында «Ұлт саулығы – ел болашағы» атты мерекелік шара өтті. Ақ халатты абзал жандардың еңбегіне құрмет көрсетілген кешке Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысты. Жиында өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан дәрігерлер мен медицина қызметкерлері марапатталды.