16 Ноя 2026, Пн

2026

ГРАНТОВАЯ ПОДДЕРЖКА ОБЩЕСТВЕННЫМ ПРОЕКТАМ

Аким города Тараз Бакытжан Орынбеков встретился с представителями неправительственных организаций. На встрече обсудили вопросы развития гражданского общества, поддержки НПО и повышения их активности в общественной жизни. В совещании приняли участие депутат Сената Геннадий Шиповских, внештатный советник акима области Исламбек Дастан и активные представители гражданского сектора.

ДЕНЬ КАЗАХСТАНСКОЙ ПОЛИЦИИ

 В Жамбылской области наградили лучших сотрудников органов внутренних дел. В преддверии 23 июня — Дня казахстанской полиции — в Таразе прошло торжественное мероприятие. Перед началом официальной части стражи порядка возложили цветы к памятнику Халық Қаһарманы Газизу Байтасову, почтив память коллег, погибших при исполнении служебного долга. Все подробности — в материале нашего корреспондента.

ФОРУМ ПО РАЗВИТИЮ РЕГИОНАЛЬНОЙ ЭКОНОМИКИ

Аким Жамбылской области Ербол Карашукеев принял участие в бизнес-форуме «Меркі Бизнес Форумы», который прошел в Меркенском районе. В ходе мероприятия обсуждались инвестиционный потенциал региона, вопросы развития предпринимательства, а также инициативы, направленные на социально-экономическое процветание района. В работе форума приняли участие представители бизнес-сообщества, интеллигенции, жители района и общественные активисты.

ЖАҢА ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында шаһардағы білім ошақтарының бірінің аумағында заманауи үлгідегі жаңа футбол алаңы бой көтерді. Жеке кәсіпкер Ержан Амалбаевтың демеушілігімен салынған нысан енді жергілікті жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік бермек. Толығырақ бейнематериалда.

ҚОҒАМДЫҚ ЖОБАЛАРҒА ГРАНТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Басқосуда азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды. Жиынға Сенат депутаты Геннадий Шиповских, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Исламбек Дастан және азаматтық сектордың белсенді өкілдері қатысты.

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІ

Жамбыл облысында ішкі істер органдарының үздік қызметкерлері марапатталды. 23 маусым — Қазақстан полициясы күні қарсаңында Тараз төрінде салтанатты шара өтті. Ресми бөлім басталмас бұрын, тәртіп сақшылары қызметтік міндетін атқару үстінде қаза тапқан әріптестерінің рухына тағзым етіп, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ФОРУМ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданында өткен «Меркі Бизнес Форумына» қатысты. Іс-шара барысында өңірдің инвестициялық әлеуеті, кәсіпкерлікті дамыту және ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне бағытталған бастамалар талқыланды. Форумға кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, зиялы қауым мүшелері, аудан тұрғындары мен қоғам белсенділері қатысты.

ЖЕЛІДЕГІ ПІКІР ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Цифрлы дәуірде сөздің салмағы бұрынғыдан да арта түсті. Әлеуметтік желі — әркім өз ойын ашық жеткізетін алаңға айналғанымен, ондағы әрбір пікір де жауапкершілікті талап етеді.Алайда осы тұста қоғамда маңызды сұрақ туындайды:
сөз бостандығы мен жауапкершіліктің ара-жігі қайда? Толығырақ сюжеттен көріңіз

САХНА САҢЛАҒЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

Түркістанда дәстүрлі өнердің дара тұлғасына айналған әншінің мерейтойы кең көлемде аталып өтті.Жарты ғасырын сахнаға арнаған өнер иесінің шығармашылық жолы — ұлт руханиятының бір бөлшегіне айналған тағылымды тарих. Оның үнімен үндескен халық әндері талай жүрекке жол тауып, ұлттық өнердің өміршеңдігін дәлелдеп келеді.

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

Түркістан облысында инвестиция тарту және өндірістік жобаларды дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен инвестициялық штаб отырысы өтті.Жиында қағаз және мақта өнімдерін шығаратын зауыттардың құрылысы талқыланды.Жаңа жобалардың іске асуы өңірдің экономикалық дамуына серпін беретіні айтылды.