15 Ноя 2026, Вс

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ФОРУМ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданында өткен «Меркі Бизнес Форумына» қатысты. Іс-шара барысында өңірдің инвестициялық әлеуеті, кәсіпкерлікті дамыту және ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне бағытталған бастамалар талқыланды. Форумға кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, зиялы қауым мүшелері, аудан тұрғындары мен қоғам белсенділері қатысты.