Тараз төрінде жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты IX республикалық интеллектуалдық байқауы аяқталып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Қарашаның 2-сі күні «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында ұйымдастырылған ауқымды білім бәсекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылар қатысып, туған өлке тарихы бойынша өз зерттеулерін ортаға салды. Толығырақ әріптесім тарқатсын.
Таразда ардагерлер ұйымының атқарған жұмыстары қорытындыланды. Ақпан мен қазан айлары аралығында аудандық кеңес жеті бағыт бойынша 82 іс-шара өткізген. Осы атқарылған жұмыстармен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов арнайы келіп танысты. Мәртебелі мейманға мекеменің тыныс-тіршілігі мен кітап қоры көрсетілді. Маңызды кездесуге Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова да қатысты.
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Сапар аясында «Тектұрмас» тарихи-этномәдени кешенінде аудандық ардагерлер ұйымының қызметіне арналған арнайы кездесу өтті. Жиынға Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысты.
Екі ел арасындағы экономикалық байланыс нығайып келеді. Бішкекте өткен Қазақстан мен Қырғызстанның ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев екі өңір арасындағы сауда айналымының айтарлықтай артқанын мәлімдеді. Шекара маңындағы инфрақұрылымды дамытып, жаңа инвестициялық жобаларды қолға алу – басты назарда.
Таразда Жамбыл облысы әкімінің төрағалығымен Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауын іске асыруға арналған актив отырысы өтті. Қатысушылар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген негізгі міндеттерді талқылап, оларды өңірде орындаудың басым бағыттарын анықтады.
Түркістан облысында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін таныстыруға арналған заманауи көрме орталығы ашылды. Сауран ауданындағы «Sauran» шағын өнеркәсіптік паркінде өткен шараға өңірдің 50-ден астам кәсіпорны қатысып, отандық өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Басты мақсат – жергілікті өндірісті қолдау, кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайту және «Түркістанда жасалған» брендін кеңінен таныту.
Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай мазмұнды кездесу өтті. «Діни татулық, тұрақтылық пен толеранттылық» тақырыбында ұйымдастырылған жиында қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайту мәселелері талқыланды. Басқосуға дін өкілдері, ақсақалдар, жастар мен колледж студенттері қатысты.
Түркістан қаласында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновтың өңір ардагерлерімен кездесуі өтті. Жиында аға буын өкілдерінің қоғамдағы рөлі, әлеуметтік қолдау көрсету және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалардың нәтижесі таныстырылды.
Фонд «Даму» активно развивает работу мобильных фронт-офисов в регионах, чтобы повысить доступность государственных программ поддержки предпринимательства. Очередная выездная встреча состоялась в селе Орнек Жамбылского района. Местные жители и предприниматели получили возможность проконсультироваться со специалистами и узнать о действующих мерах государственной поддержки.
Предпринимательство – одна из ключевых движущих сил экономики. Сегодня в бизнес-центре «Арай Плаза» в Таразе собрались представители делового сообщества, чтобы отметить свой профессиональный праздник. Лучшие специалисты, вносящие вклад в развитие финансового потенциала региона, были удостоены специальных наград. Государство, в свою очередь, продолжает оказывать всестороннюю поддержку представителям бизнеса, которые создают новые рабочие места и обеспечивают налоговые поступления в бюджет.