15 Ноя 2026, Вс

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН САУДАСЫ ЖАНДАНДЫ

https://youtu.be/IMARBx6RfTA

Екі ел арасындағы экономикалық байланыс нығайып келеді. Бішкекте өткен Қазақстан мен Қырғызстанның ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев екі өңір арасындағы сауда айналымының айтарлықтай артқанын мәлімдеді. Шекара маңындағы инфрақұрылымды дамытып, жаңа инвестициялық жобаларды қолға алу – басты назарда.