25 Окт 2025, Сб

2025

МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ТОП БАСШЫСЫ 7 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Талас ауданы полиция бөліміне осы аудан тұрғындарының шаруа қожалықтарына тиесілі түйе, жылқы және сиыр малдарын ұрлау фактілері бойынша бірнеше арыз түскен. Құқық қорғау саласының өкілдері тез арада жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, қылмыстық топтың ізіне түсті. Толығырақ алдағы сюжеттен көріңіз!

ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.іс шараға ЖО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл тобының инспекторлары және облыстық жастар орталығының мамандары мен студенттер қатысты

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Таразда «Саналы отбасы – берік қоғам» атты офлайн-семинар өтті. Іс-шара «Отбасы құндылықтары: берік неке – жарқын болашақ» атты мемлекеттік грант аясында ұйымдастырылды. Семинар Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Студенттер үйінде өтті.

ЖАМБЫЛДЫҚ САРБАЗДАР «АЙБЫН» ПРЕЗИДЕНТТІК ПОЛКІНЕ АТТАНДЫ

Бүгін Қалалық мәдениет үйінің ғимаратында 2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында жаңа сарбаздарды шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. Болашақ әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкінде мерзімді қызметін өтеуге аттанады.

ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ

Еліміздегі аса маңызды мемлекеттік шара – Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жалғасуда. Осы ауқымды жұмыстың барысымен жеке танысу үшін, Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Жамбыл облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Ол ауыл шаруашылығы деректерінің нақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бұл санақтың өңірдегі жүргізілуіне ерекше назар аударды.

СЫР ӨҢІРІ: ДӘСТҮР МЕН КРЕАТИВ ТОҒЫСҚАН ОРТА

«Анаға тағзым» орталығы – жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруге, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, еңбек адамдарының өнегелі өмірін дәріптеп, қазақ әйелінің рухани бейнесін қалыптастыруға бағытталған мәдени нысан.

СЫРДЫҢ ШЕЖІРЕ ҚАҚПАСЫ

Сыр бойының жүрегінде ғасырлар үнін сақтаған қазына ордасы бар. Ол – Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейі. Мұнда әр жәдігер – өткеннің аманаты, әр зал – тарихтың тірі парағы. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен өз жұмысын толықтай жаңа ғимаратта өз жұмысын бастаған шежірелі мекеннің жұмысымен әріптесім танысып қайтқан болатын. Бейнематериалға назар салыңыз.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БЮДЖЕТТІК САЯСАТ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

Қызылорда облысында ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері өңірде жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік процесті іске асыру мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді. Маңызды жиынға қатысушылар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың жан-жақты баяндамасын тыңдады.

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ СЫР ӨҢІРІНДЕ

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын көзбен көріп, бірқатар маңызды нысандарды аралады.

СЫРДАРЬИНСКИЙ РЕГИОН  : ЦЕНТР, ГДЕ ТРАДИЦИИ ПЕРЕКЛИКАЮТСЯ С КРЕАТИВОМ

Центр «Анаға тағзым»  – это культурный объект, направленный на духовно-нравственное воспитание молодого поколения, укрепление семейных ценностей, продвижение образцовой жизни трудящихся и формирование духовного облика казахской женщины.