15 Ноя 2026, Вс

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Таразда «Саналы отбасы – берік қоғам» атты офлайн-семинар өтті. Іс-шара «Отбасы құндылықтары: берік неке – жарқын болашақ» атты мемлекеттік грант аясында ұйымдастырылды. Семинар Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Студенттер үйінде өтті.