15 Ноя 2026, Вс

12 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ

Бүгінде өңірдің барлық медициналық ұйымдарында 13 мыңға жуық орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында белгілі болды. 12 мамыр — Халықаралық мейіргерлер күніне арналған баспасөз конференциясында облыстағы мейіргерлік қызметті дамыту, кадр даярлау және халықаралық тәжірибе алмасу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.