28 Июл 2026, Вт

1 ШІЛДЕ – СЕРЖАНТТАР КҮНІ

Жыл сайын 1 шілде күні сержанттар күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке 1996 жылғы 1 шілдеде кейіннен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжі болып қайта құрылған Кадет корпусының ашылуына орай белгіленген. Сержанттардың кәсіби шеберлігі әскери даярлықтың деңгейіне, әскери тәртіптің сақталуына және жеке құрамның жауынгерлік рухына тікелей ықпал етеді. Сержанттар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің құрамында да маңызды міндеттерді атқарады.