Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде психиатр дәрігердің диспансерлік есебінде тұрған, әртүрлі психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар, сондай-ақ алкогольді тұтынуға байланысты бұзылыстардан зардап шегетін сотталғандарға арналған профилактикалық және психокоррекциялық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға мекеме психологтары мен Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері Ж.С. Ускенбаева қатысты. Кездесу барысында сотталғандардың психикалық жай-күйін тұрақтандыру, емдеу және оңалту шараларының тиімділігін арттыру, аурудың асқынуы мен қайталануының алдын алу мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Сонымен қатар, қатысушылар арасында алкогольді тұтынудан бас тартуға тұрақты мотивация қалыптастыру, құқыққа қайшы мінез-құлықтың және суицидтік қауіптің алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту, қоғамға қайта бейімделуге қажетті психологиялық ресурстарды қалыптастыру бағытында түсіндіру және психокоррекциялық жұмыстар жүргізілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар сотталғандардың психологиялық саулығын қолдауға, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етіп, қайта әлеуметтену үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

