15 Ноя 2026, Вс

ӨҢІРДЕГІ БІЛІМ ОРДАЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорлар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысты. Алқалы басқосуда арнаулы оқу орындарының басшылары мамандар даярлау сапасы, мемлекеттік тапсырыстың орындалуы, түлектерді жұмыспен қамту және материалдық-техникалық базаны нығайту сияқты өзекті мәселелерді талқылады.