Таразда жылыту маусымына дайындық пен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды профилактикалық рейд өтті. Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған бұл іс-шара тұрмыстағы өрт оқиғаларының алдын алуға және балалардың терезеден құлауы сияқты жазатайым жағдайларды азайтуға бағытталған. Әсіресе жылыту маусымы жақындаған сәтте электр мен газ құрылғыларын, пештер мен мұржалардың жарамдылығын тексеру ерекше маңызға ие. Рейд барысында құтқарушылар мен жауапты қызмет өкілдері тұрғын үй секторын аралап, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын ашық түсіндірді.
Ақпараттық порталы

