15 Ноя 2026, Вс

ӘУЕЖАЙ МАҢЫНДАҒЫ ТӘРТІПСІЗДІККЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

Төрт түліктің төресін төріне балаған қазақ халқы үшін мал шаруашылығының орны әрдайым ерекше. Алайда, заман талабы мен заң үстемдігі орын алған бүгінгі қоғамда, мал ұстаудың да өзіндік тәртібі мен мәдениеті болуы тиіс. Жібек жолы ауданы аумағындағы Әуежай маңында ірі қараның жайылып жүруі — жергілікті тұрғындардың ашуын туғызып, тұрғындар арасында пікір-талас тудырды. Қаланың туристер мен қонақтарды күтіп алатын негізгі аймағының мұндай кейіпке түсуі — тұрғындарды алаңдатпай қоймады. Олар Әуежай алдындағы арнайы егілген гүлдер мен жасыл желекті, тал-бақшаларды азық қылып, таптап жүрген ірі қараның видеосын әлеуметтік желіге жүктеп, әкімдікке жолдаған болатын. Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай қаланың эстетикалық көркін бұзып қана қоймай, экологиялық тазалыққа да нұқсан келтіріп отыр.