20 Июн 2026, Сб

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БАЛАЛАРЫНА ЕРЕКШЕ МЕРЕКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Өткен демалыс күндері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының штабында ерекше мереке ұйымдастырылды. Бұл күні бассейн спорттық жарыстар мен театрландырылған көріністер алаңына айналды. Су мерекесі Тараз гарнизонындағы әскери бөлімдердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерін бір арнаға тоғыстырды.