15 Ноя 2026, Вс

ӘРБІР САРБАЗҒА ҚҰРМЕТ – БАСТЫ ҚАҒИДА

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев жұмыс сапарымен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде болды. Сапар барысында ол жауынгерлік дайындықтың ұйымдастырылу барысын, әскери қызметшілердің жауынгерлік рухы мен қызмет жағдайын өз көзімен көрді.