15 Ноя 2026, Вс

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ «ЖАСЫРЫН САДАҚАНЫҢ» ЗАРДАБЫ

Ғаламтордағы «садақа» мен «қайырымдылық» ұрандарының артында үлкен қауіп жасырынуы мүмкін. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде шетелдегі мұқтаждарға немесе соғыс аймағындағы тұрғындарға көмек көрсету желеуімен террористік ұйымдарды қаржыландыру жағдайлары кездесуде. Адамгершілікпен жасалған аударым азаматтарды ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыруы мүмкін. Осы ретте мамандар дабыл қағып, тұрғындарды сенімсіз ақпарат көздерінен абай болуға шақырады.