Меркі ауданындағы Жаңатоған ауылдық округі, Мыңқазан ауылының тұрғыны Қуантай Жүнісбеков – ат әбзелдерін жасаушы шебер. Бұл кәсіп оған ата-бабасынан мұра болып қалған. Шебер ер-тұрман, қайыс, үзеңгі, бұғалық сияқты ат әбзелдерін жасап, ұлттық қолөнерді жаңғыртып, оның дамуына үлес қосып келеді. Өз ісіне деген махаббат пен жауапкершілікпен жасаған әрбір бұйымы сапалы, ұзақ мерзімді әрі қолданысқа ыңғайлы болып шығады.
Ақпараттық порталы

