Таразда Ұлттық домбыра күні кең көлемде атап өтілді. Бұл айтулы мереке — еліміздің рухани бірлігі мен мәдени мұрасының қайта жаңғыруының символына айналды. Жүздеген қала тұрғындары жиналған басты шара «MART» сауда-ойын-сауық орталығында өтті. Облыс әкімдігінің қолдауымен мұнда «Әбдімомынның әуен арнасы» атты ауқымды рухани-сазды кеш ұйымдастырылды.
Ақпараттық порталы

