4 Май 2025, Вс 6:12:34 PM

ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДАЙЫНДЫҚ

 

Таразда «Қауіпсіз болашақ» тақырыбында ашық сабақ өтті. Бұл жиын Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және Азаматтық қорғаныс күніне орай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ұйымдастырылды. Іс-шара Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарымен бірлесіп өткізілді. Аталмыш кездесудің мақсаты – студенттер мен оқытушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болып табылады.