21 Апр 2026, Вт

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен өрт сөндіру-құтқару спортында қазақстандық құтқарушылар жақсы нәтиже көрсетті. Әлем чемпионатында ерлер мен әйелдер құрамасы 20 елдің арасынан 4-ші орынды иеленді. Ал әйелдер құрамасы жауынгерлік қанат жаю түрінен 3-ші орынды иемденді. Олардың қатарында қызылордалық Әсел Жадырасынова бар. Қызылорда облысы Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері бүгін өз батырларын теміржол вокзалында күтіп алды.