20 Апр 2026, Пн

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ЕКІ ЖАСАР БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ

Қызылордалық дәрігерлер екі жастағы бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды. Шеге жұтып қойған балаға ақ халаттылар шұғыл ота жасаған. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының мамандары күрделі отаны өздері жасаған. Дәрігерлер заманауи медициналық жабдықтардың толық қамтамасыз етілуінің арқасында мұндай медициналық қызмет түрін 24/7 көрсетуге дайын.