20 Апр 2026, Пн

ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Қызылордада Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымы, геолог-минералогия ғалымдарының докторы, академик, мемлекет және қоғам қайраткері Шахмардан Есеновтың 100 жылдығы қарсаңында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Оған Қызылорда облысының зиялы қауым өкілдері мен мұнай саласының қызметкерлері қатысты.