15 Ноя 2026, Вс

ҚОСТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу» жөніндегі Жол картасы аясында бүгін Жамбыл ауданының Қостөбе ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. №8 Қостөбе орта мектебінің ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календаров, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен ауыл тұрғындары қатысты.