24 Ноя 2026, Вт

ҚОЛӨНЕРГЕ ҚҰШТАР ОҚУШЫЛАР

Түркістан қаласындағы Қолөнершілер орталығында ұлттық қолөнерді дамытуға бағытталған үйірмелер жұмыс істейді. Соның бірі – тері мен былғары өңдеу өнері. Мұнда оқушылар табиғи материалдармен жұмыс істеуді үйреніп, түрлі бұйымдар жасаудың қыр-сырын меңгереді. Шеберлер дәстүрлі әдістерді заманауи үлгіде дамытып, оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдауға үлес қосып келеді.