15 Ноя 2026, Вс

ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ КЕПІЛІ

«Заң мен тәртіп» акциясы аясында Меркі ауданындағы «Жұлдыз» жазғы сауықтыру лагерінде «Қауіпсіз балалық шақ кепілі» тақырыбында балаларға арналған жарты күндік демалыс ұйымдастырылды. Іс-шараны аудандық прокуратура, аудандық білім бөлімі, аудан әкімдігі, аудандық полиция бірлесіп өткізді. Республикалық акция аясындағы шараға 25 отбасыдан 50 бала қатысты.