19 Апр 2026, Вс

ҚАЛА ДАМУЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – КҮН ТӘРТІБІНДЕ

Қызылорда қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында қала өміріне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиын барысында қаланы көгалдандыру, каналдар мен арық жүйелерін тазалау, аяқ су жүйелерін қалпына келтіру және су ұңғымаларының жай-күйі кеңінен талқыланды.