15 Ноя 2026, Вс

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Ел бірлігі, қоғамдық келісім мен халықтың ортақ мүддесі. Жаңа құрылған Халық Кеңесінің негізгі ұстанымы – осы. Жоғары конституциялық консультативтік органның құрамына Жамбыл облысынан төрт өкіл енген еді. Бүгін олар өңірдегі этномәдени бірлестік мүшелерімен жүздесіп, жаңа органның міндеттері мен алдағы жұмыс бағыттарын талқылады.